Түркістанды түлету – руханиятымызды, тарихымызды, рухымызды түлету
Топырағын түртсең, тарихы толғайтын қазақ даласының әр пұшпағы қасиетті. Кие қонған жеріміздің төрт бұрышын түгендегенде түмен бап жатқан Түркістанға төрден орын тиетіні жалпақ жұртқа мәлім.