Пәтер бағасы 15 пайызға қымбаттайды

Жаңа жылдан бастап елімізде тұрғын үй бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін. Себебі, бизнестің осы түріне, яғни құрылыс саласына 12 пайыздық қосылған құн салығы қайта енгізілмек.

Елдегі құрылыс компаниялары бұл салық түрінен 2001 жылы босатылған еді. Осылайша үкімет үйдің бағасын арзандатпақ болды. Енді сол салық келер жылдан бастап қайта енгізілгелі отыр. Құрылыс компанияларына жеңілдік берілген 2001 жылдан бастап су жаңа баспананың құны 21 есе қымбаттапты.

Қазақстан құрылысшылар одағының Астана филиалының директоры Вячеслав Лазаревтің айтуынша, қазір құрылыс компаниялары шамамен 15 пайыздық пайдамен жұмыс істеп отыр. Егер 12 пайыздық салық енгізілетін болса, құрылыс компаниясы пайда таба алмауы ықтимал.  Сондықтан компаниялар шаршы метр бағасын көтермек.

Сарапшылардың болжамына сәйкес, жаңа салынған үйлердің бағасы көтерілсе, бұл екінші нарықтағы тұрғын үйлердің құнына да әсер етеді.

Related posts

Астанаға бағыт алған автобус жолда қалды

editor

Қазақстан Қытайдың жеңіл рельсті пойыздарына тапсырыс берген

editor

Есей Жеңісұлының жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Назия Жоямергенқызы