ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНАН САУАПТЫ ІС

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен отандық журналистер ағаш отырғызу маусымын бастады.

Бүгін — Халықаралық орман күні! Жер құрсауы босап,  табиғат-ана түлей басталған кез. Айтулы күнде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен отандық журналистер ағаш отырғызу маусымын алғашқылардың бірі болып бастады.

Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген мереке қарсаңында Междуреченск орман тұқымбағының аумағында қырым қарағайы мен қайың ағаштары отырғызылды.

Сондай-ақ, шара барысында «Республикалық орман селекциялық-тұқым орталығының» қызметі таныстырылып, зертхана жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, орман молықтыру шараларын онлайн қарауға мүмкіндік беретін интерактивті карта таныстырылды.

Баспасөз туры барысында орман шаруашылығына байланысты атқарылған жұмыстар, брендтік жобалар жайында да ақпарат берілді.

#Мекенім – жасыл орманым!

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі

Related posts

СУДЬЯ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Назия Жоямергенқызы

IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ

Назия Жоямергенқызы

СЫР ЕЛІНДЕ ҰЛТ ҚАЙРАТКЕРІ МҰСТАФА ШОҚАЙҒА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Назия Жоямергенқызы