ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ – АЗАТТЫҚ ШАЙҚАСЫ

2 қазанда Талдықорғанда Орбұлақ шайқасының маңызды сәттері сахналандырылады. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілетін бұл шара Ұлы Дала батырларының тағдыры мен тарихынан сыр шертпек.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол –қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан», – деді. Осы орайда, үстіміздегі жылдың 2 қазанында Талдықорған қаласында «Мәдени мұра», «Халық тарих ағымында», Қазақстан-2050 «Мәңгілік Ел» стратегиясын іске асыру Қазақ тарихында өзіндік орны бар маңызды оқиғалардың бірі – Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы көрсетіледі. Алматы облыстық әкімдігі таратқан баспасөз хабарында: «Ұлы Дала ғасырлар бойы көптеген тұлғаларды дүниеге әкеліп тәрбиелеген, сондықтан да қазіргі заман, әлемдік дала билеушілерінің, жауынгер батырлардың тарихысыз болмайды. Көшпенді реформаторлар, ұлы империяның негізін қалаушылар, біздің дала даңқын шығарып, әлемдік өркениетке шығарды. Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұзаққа созылған азаттық соғысының бір үзігі. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында Жәңгір сұлтан басқарған 600 қазақ жауынгері мен 50 мың жоңғар қолын басқарған Эрдэни Батыр қонтайшы арасындағы шайқас», – делінген.
Бағдарламаға келсек, екінші қазанда сағат 16.00-де қалалық ипподромда «Орбұлақ шайқасының» тарихи қойылымы өткізіледі. Қазақстандық танымал каскадерлердің қатысуымен төрт оқиғалы шайқас көрінісі Қазақ хандығының атмосферасына кіріп, толқынысты сәттерді тамашалауға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Орбұлақ шайқасына арналған шара Қазақ хандығының 550-жылдығының мерейтойы құрметіне өткізіледі. Бұқаралық мереке ретінде ашық аспан аясында болатын шарада Қазақ тарихының қайта құрылуын, салт-дәстүрін тамашалау, жастардың, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру негізінде қонақтардың назарына ауқымды, ұлан-ғайыр мереке ұсынылады. Атап айтқанда, садақ ату мен жамбы атудан «Алтын жебе» турнирі; ұлттық спорттық ойындардың турнирі (қазақша күрес, бұқа тартыс, асық ату, қол күрес); кәуап және күріш, бауырсақпати және қымызбар фестивалі; қазақтың ұлттық әшекей бұйымдары мен қол өнер шеберлерінің көрмесі және жәрмеңкесі (киіз, тері, жүн және т.б); қазақ мұрасы аң аулау өнерінің көрмесі (аңшылық құстар мен иттер); селфи (бал-бал тастар), алтыбақан, батырлар қақпасы, этникалық стильдегі Подиум модельдері; қазіргі заманғы әскер жауынгерлерінің көрсетілімі; этникалық ән концерті. Концерттік бағдарламада И.Ескендір, «Ұлытау» тобы, «Алаш ұлы» тобы, Ерболат Құдайберген өнер көрсетеді.

Related posts

Жеке куәлік, вакциналау паспорты және басқа да цифрлы құжаттар Halyk Homebank-те қолжетімді

ttjk

Қонаевта 5000 әскери дауыс берді

ttjk

Түркиямен серіктестік: кондитер фабрикасы ашылды

ttjk