Ораза қашан басталады?

Биыл Рамазан айы – ораза 23-наурызда басталып, 20-сәуірде аяқталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақпарат таратты.

Діни басқарма жариялаған 2023-жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, Қадір түні 17-сәуірден 18-сәуірге қараған түніне белгіленген.

Үш күндік Ораза айт 21-сәуірде басталады. Ал Құрбан айт мейрамы 28-30 маусым аралығында болады. Мүфтият ораза уақыты айдың көрінуіне байланысты өзгеруі мүмкін екенін де айтқан.

Оразаның уақыт кестесі наурыз айында жарияланады.

Сурет: almaty.tv

Related posts

«Halyk Инкассация» Ақтауда өзін атып тастаған инкассаторға қатысты пікір білдірді

Назия Жоямергенқызы

127 мың жас қазақ күйін күмбірлетті

ttjk

Жол салуға арналған жер телімдерінің қолданыс мақсатын өзгертуге мораторий жарияланбақ

editor