Қорғаныс министрі қамауға алынды

Оңтүстік Корея мемлекетінің бұрынғы Қорғаныс министрі Ким Ён Хен Сеулдің шығысындағы уақытша ұстау изоляторына жіберілген.

Прокурорлар президент Юн Сок Ёл өткен аптада қысқаша әскери жағдай жариялағаннан кейін бұрынғы Қорғаныс министрі Ким Ён Хенді «мемлекетке опасыздық жасады» деген күдікпен тергеу барысында қамауға алды. Арнайы тергеу штабы Кимді тұтқындап, ұялы телефонын тартып алған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ким президент Юн Сок Ёлға әскери жағдай енгізуді ұсынды. Әскери жағдайды сейсенбі күні кешке жариялаған еді. Алайда кейіннен Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады. Ал сәрсенбі күні Қорғаныс министрі Ким Ён Хен кешірім сұрап, отставкаға кетуді ұсынды.

Related posts

Вызовы и перспективы государственной службы были обсуждены 200 практиками, учеными и экспертами из 20 стран мира

ttjk

Қазақстан ОРЕС Халықаралық даму қорымен ынтымақтастықты кеңейтуде

Қорғаныс министрінің орынбасары: Сарбаздың сұрағанын бере бермеу қажет

editor