Қомақты қаржы бопсалаған блогер ұсталды

үркістан облысы Сарыағаш ауданында 1 млн теңге бопсалаған блогер қолға түсті.

Тергеу мәліметтеріне сенсек, Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны «мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін» деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 млн теңге талап еткен. «Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылғаны расталған банк картасы мен журналистің қызметтік куәлігі табылды», делінген хабарламада.

Күдікті өңірде блогер ретінде танымал, әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді жүргізіп келген. Қазіргі таңда оның үстінен бопсалау фактісімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Related posts

Түрік асханасындағы өсімдіктер дәмді әрі пайдалы

ttjk

Хетт жолын зерттеп, Анадолыдағы алғашқы империяның көне қазыналарымен танысыңыз

Назия Жоямергенқызы

Бүгінгі Алматы мен Астананың ауа райы: тұрақты, бірақ салқын самал сезіледі

Назия Жоямергенқызы