ОҚУШЫЛАРЫМНАН ҮЛКЕН ҮМІТ КҮТЕМІН

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстандағы барлық мектеп оқушылары IV тоқсанды қашықтан оқуға көшті. Бұл мұғалімдер, ата-аналар мен оқушыларға үлкен сынақ әрі тәжірибе болғаны анық. Осы орайда, Ақмола облысы, Целиноград ауданынындағы 2 Қосшы орта мектебінің мұғалімі

ектебінің Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Әсел Изтлеуова ханыммен әңгілескен едік.

– Әсел апай, қашықтықтан оқу мен оқыту туралы ұстаз ретінде не айта аласыз?

– Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 4-тоқсанды қашықтан оқимыз дегенде, ұстаздар қауымы болсын, ата-аналар, оқушылар біраз абдырап қалған едік. Жоспарымыз ойдағыдай жүзеге асып, енді міне, аяқтағалы отырмыз.
– Ата-ана және мұғалім арасындағы байланыс қалай болып жатыр?

-Өте жақсы! Бастапқыда ата-аналарға балалардың сабағын қадағалау қиын болды. Оқушы да, ата-ана да мұғалім мамандығының жауапкершілігін жақсы түсінді. Қазіргі жағдай қалыпты. Бәрі түсінікті. Ата-аналардың көбісі мұғалімдердің қадірін түсінді.
Ал, енді сіздің жеке өміріңіз туралы айтсақ.
– Кішкентай кезіңізде кім болуды арман еттіңіз? Қазіргі алдыңызға қойған үлкен мақсат, арманыңыз қандай?
– Бала кезімнен мұғалім болуды армандадым. Мұғалім – маңдайыма жазылған мамандығым! Қазіргі мақсатчм – білімді шәкірттер тәрбиелей отырып, білікті, тәжірибелі ұстаз болу. Жеке авторлық кітабымды шығарсам деген, арманым бар.
-Сіздің шатаспасам 2 балаңыз бар. Қарапайым өмірде балаларыңызбен қандай байланыста боласыз? Жалпы баланы өз еркіне жібересіз бе? Әлде қатал болған дұрыс па?

– Аллаға шүкір, екі балапаным бар. Балаларыма қатал ана емеспін. Кішкентай болса да, ашық сырласып, еркін сөйлесеміз. Қойған әр сұрақтарына байыпты жауап беруге тырысамын. Өз ойын жүйелі жеткізуіне жағдай жасаймын. Кейде қатты, кейде бос ұстаймын.

– Сіз дәл қазіргі кезде сынып жетекшісі қызметін атқарып жүрсіз. Өз оқушыларыңыздан қандай үміт күтесіз?

– Қазіргі оқушыларына 5-сыныптан сынып бері жетекшілік етіп келемін. Еңбек жолымдағы ең алғашқы сыныбым. Оқушыларыма өте қатты бауыр басып қалдым. Әрқайсысының орны ерекше. Болашақта өз жолдарын тауып, жоғары оқуға түсіп, шетелде білім алып, еліміздің дамуына үлесін қосады деген үміттемін!
– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Жасмина Укибаева, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, 2 Қосшы орта мектебінің 8 “Ж” сынып оқушысы.

 

 

Related posts

В Атырау обучили менторов по социальному предпринимательству

ttjk

«Week of International Journalism» at Al-Farabi KazNU

ttjk

«ITeachMe». Инклюзивность и IT

ttjk