Оқушылар уланған асхана жабылды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауылындағы мектеп асханасы жаппай уланудан кейін жабылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше ауылға балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитеттің қызметкерлері барған. Жалпы, 460 бала дәрігерге жүгініп, 377 оқушы үйінде емделген. 83 бала ауруханаға түссе, жан сақтау бөліміндегі екі бала бүгін палатаға ауысқан.

«Мектеп асханасы мөр басылып, жабылды. Бүгіннен бастап оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша бүкіл облыстағы мектеп асханаларына мониторинг жүреді», — деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

 

Related posts

В области Абай усилены меры по профилактике правонарушений среди молодежи

Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасында жаңа кезең: Мәжән Илясов елші болып тағайындалды

Назия Жоямергенқызы

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік шарасы