Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: апаттың себебі анықталған жоқ

Таиландтан Оңтүстік Кореяға бағыт алған ұшақтың бортында 175 жолаушы және алты экипаж мүшесі болған.

Жергілікті Yonhap агенттігі ұшақ Jeju Air компаниясына тиесілі болғанын мәлімдеген. Ұшақ Бангкок қаласынан Муан әуежайына қонбақ болған кезде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған. Муан әуежайы Сеулден 288 шақырым қашықтықта, елдің оңтүстік-батысында орналасқан. Корей телеарналары апат кезінде болған күшті өрттің кадрларын көрсеткен. Кадрларда қшақ соғылғаннан кейін бірден өрт басталғанын байқауға болады.

Алғашында 28 адамның қаза тапқаны хабарланған, бірнеше сағаттан кейін расталған құрбандар саны 62 адамға жетті. «Құрбандар саны өсуі мүмкін, себебі зардап шеккендердің көбі ауыр халде», — деді өрт сөндіру қызметінің өкілі AFP агенттігіне берген сөзінде.

Ұлттық өрт сөндіру қызметі де екі адамның — бір жолаушы мен экипаж мүшесінің тірі қалғанын хабарлаған. Кейінірек жергілікті билік тағы бір жолаушының аман қалғанын растаған болатын. Ұшақтағы 173 жолаушы — Оңтүстік Корея, екеуі — Таиланд азаматтары болған. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Алдын ала деректерде ұшақ құстармен соқтығысу салдарынан басқару жүйесін жоғалтуы мүмкін деп топшыланып отыр. Бұл жағдай шасси басқару жүйесінің істен шығуына әкелген көрінеді.

Related posts

МӘМС жүйесі түбі тесілген қайыққа ұқсайды

editor

Әйелдердің бизнесіне Америкада көмектеседі

ttjk

Mumbai Travel Guide 2017: Our Favorite Things To Do & See

ttjk