Оқиға орнына санитарлық авиация борттары жіберілді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтау маңындағы апат орнына санитарлық авиация мамандары аттандырылатынын жеткізді.

«Қазір оқиға орнына травматолог, нейрохирургтар сынды мамандарды жеткізуге санитарлық авиация борттарын дайындадық. Оқиға орнында да көмек көрсетеміз, егер қажет болған жағдайда тасымалдауды жүзеге асырамыз»,  деді министр.

Еске сала кетейік, бүгін Ақтау қаласының маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы. Оқиға орнындағы өрт толығысмен сөндірілді. Әуе бортында 67 адам болған, Денсаулық сақтау министрлігінің берген мәліметінше, олардың ішінде 28 аман қалған. 

Related posts

Құзырлы органдар бірлескен бұйрыққа өзгеріс енгізді

editor

“Дала сыры, тау жыры” Қазақстан ішіндегі саяхат туралы балалар кітабы шықты

ttjk

УНИВЕРСИТЕТ КАЗГЮУ ПЛАНИРУЕТ СОЗДАНИЕ НОВОГО ВУЗА В УЗБЕКИСТАНЕ

ttjk