БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстандағы кәсіби менеджерлер тапшылығымен қазақ тіліндегі бизнес-білім мәселесіталқыланады

Қазақстан экономикасына кедергі болып отырғанбасты мәселелердің бірі – кәсіби менеджерлердіңжетіспеушілігі. Сарапшылардың айтуынша, басқарушылық шешімдердің сапасы төмен болғансайын кәсіпорындардың тиімділігі де, елдің жалпыэкономикалық дамуы да тежеледі.

Сонымен қатар, бизнес саласында қазақ тілітолыққанды қолданысқа ене алмай отыр. Оныңнегізгі себептерінің бірі – мемлекеттік тілде жүйеліәрі сапалы басқарушылық білімнің болмауы.

Осы мәселелерді талқылау және ұлттық тілдекәсіби білім беру ісінде жаңа қадам жасаумақсатында 26 қыркүйек күні Алматыда META Университетінде Qazaq MBA бағдарламасытаныстырылады. Бұл бағдарлама – қазақ тіліндетолыққанды MBA білімін беруді көздейтін алғашқыжоба.

Талқыланатын тақырыптар:

• Қазақстандағы менеджерлер тапшылығыныңсебептері;
• Қазақ тілінің бизнестегі орны мен болашағы;
• Халықаралық тәжірибені ұлттық ортағабейімдеу жолдары.

Жиын барысында панельдік пікірталасұйымдастырылып, журналистерге сұрақ қоюмүмкіндігі беріледі.

Іс-шара уақыты мен орны:
📅 26 қыркүйек 2025 ж., 15:00
📍 Алматы қ., Төле би көшесі, 109Б, META Университеті

БАҚ үшін байланыс және аккредитация:
+7 708 777 08 39 – Арайлым
+7 701 861 68 28 – Мақсат Халық

Related posts

Абай шығармашылығының қазақ зиялыларына әсері

Төрт жастағы балаға төрт жарым сағат ота жасалды

editor

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан барысы – 2025» жеңімпазын құттықтады

Назия Жоямергенқызы