nFactorial жазғы бағдарламалау лагері жұмысын аяқтады

Қазақстандағы ең іріnFactorial IT-инкубаторы «Шеврон» компаниясыменсеріктестікте ұйымдастырған жазғы бағдарламалау лагерінің салтанатты жабылуы өтті. Лагерь 10 аптаға созылды және оның аясында еліміздің жас таланттары 100-ден астам бірегей веб-қосымша жасады.

Лагерьге қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ресейден 4000 үміткер өтініш білдірді, оның ішінде бағдарламаға 200 үздік әзірлеуші ​​шақырылды.

10 аптаның қорытындысы бойынша Инкубатор қатысушылары елде бұрын соңды жасалмаған web3 қосымшаларын, сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен географиясын зерттеуге арналған ойындарды, қазақ музыкасы мен поэзиясын насихаттауға арналған қосымшаларды, экологиялық мәдениетті насихаттауға арналған қосымшаларды және басқа да көптеген әлеуметтік мәселелерді шешетін бағдарламаларды жасады.

Финалда қазылар алқасына 20 үздік веб-қосымша ұсынылды. Қазылар алқасының құрамында:

— Бағдат Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
— Асхат Омаров – америкалық «Farel» стартапының бас директоры
— Николай Мазенцев — «Choco Holding» басқарма төрағасы
— Лейла Айтмұханова — Қазақстандағы Шевронкомпаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі
— Зәуре Розмат – The Steppe интернет-басылымының бас директоры
— және басқа да мамандар.

Биылғы инкубатордың жеңімпаздары – Бауыржан Тұрсынбек (қола медаль), Әділ Жапар (күміс медаль) және Бауржан Әбенов (алтын медаль).

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мырза өз сөзінде еліміздің экономикасын жаңа деңгейге шығаратын 100 000 IT-маманды даярлаудың маңыздылығын атап өтті.  Сонымен қатар, Мусин мырза Қазақстандағы үздік әзірлеушілердің, әсіресе nFactorial мектебінің түлектерінің қазақ тілінде ІТ-білім беруді дамыту бойынша жасап жатқан жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды.

Ал Саясат Нұрбек мырза өз кезегінде елімізде IT-білім берудің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, университеттерді nFactorial инкубаторы сияқты тәуелсіз бағдарламалармен бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

«Шеврон компаниясы – Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор. Біздің әлеуметтік инвестицияларымыздың негізгі бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, экономикалық даму және экология салаларына бағытталады. Біз nFactorial-мен серіктестігімізді мақтан етеміз жәнеҚазақстанда дарынды жастарыды тауып, оларды дамытуға үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Балалар осы бағдарламаның құндылықтарын жақсы сіңірген, олар өздері де дамып, елді де дамытып, білімдерін бөлісіп, эмпатияларын арттырып, жаңа шеберлікті игеруге дайын», – дейді «Шеврон» компаниясының Қазақстандағы әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова.

nFactorial инкубаторында жасалған барлық қолданбаларды мына жерден көруге болады https://n17r-board.vercel.app/ .

nFactorial Incubator — бұл жас бағдарламашыларға арналған 10 апталық жоғары деңгейлі, әрі қарқынды дайындық бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – отандық IT қызметтерін экспорттау және сату арқылы Қазақстан экономикасына 1 миллиард АҚШ долларынәкелетін 10 000 кәсіби бағдарламашылардан тұратын арнайы жасақ құру.

Анықтама үшін:

«Шеврон» — әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз қолжетімді, сенімді және таза энергиялы әлемді қолдаймыз және оны құру маңызды деп есептейміз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газды өндіреді, көліктік жанар-жағармай және химиялық мұнай өнімдерін шығарады, сондай-ақ бизнес пен өнеркәсіпті жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздың көміртегі қарқындылығын азайтуға назар аударамыз және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар төмен көміртекті бизнесті дамытуға тырысамыз. «Шеврон»туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Related posts

Сафранболу: таңғажайып тұрақты мәдени мұра

ttjk

Ұлттық қор 3,9 миллиард долларынан айырылды

editor

Президент Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

editor