Астаналық оқушыларға есірткінің зияны және есірткі қылмысына қарсы күрес туралы түсіндірілді

Астана қаласының №15 мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Бұл кездесуді «Шаг в будущее» ҚҚ және Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу есірткіні қолдану және тарату қаупі бар жоғары сынып оқушыларына арнап өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – есірткінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілік және оларды асыра пайдаланудың зияны туралы хабардар ету, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру және өз денсаулығына деген жауапкершілікті насихаттау.

«Есірткінің қолжетімділігі, оларды іс жүзінде еш кедергісіз сатып алу мүмкіндігі бүгінде оларды шектен тыс, асыра пайдалану мен нашақорлықты дамытудың басты себептерінің бірі болып саналатынын бәрі біледі. Нашақорлық қылмыстың ең қауіпті түрлерінің бірі ретінде халықтың барлық топтары арасында, әсіресе жастар арасында өзінің ықпал ету аясын тез кеңейтуде», – деді «Шаг в будущее» ҚҚ директоры Ажар Тұрымова.

Кездесуде есірткіні қолданудың жағымсыз салдары, есірткіні қолданудың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және есірткіден бас тартудың маңыздылығы, сондай-ақ мінез-құлық қауіп факторлары және нашақорлықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

17 қараша 2023

Қазақстан-Сан-Марино матчы: елорда тұрғындары мен еріктілер матчтан кейін стадионның қоқысын жинады
17 қараша 2023

Астанада жаңа көше ашылды. Ол Тұран даңғылы мен қаланың жаңа бөлігіне түсетін кептелістерді азайтады
17 қараша 2023

Футболдан Қазақстан құрамасын ерекше қажеттіліктері бар жанкүйерлер қолдады
17 қараша 2023

Астанада футбол жанкүйерлері одақ болып бірігеді
17 қараша 2023

13 жылдық тарихы бар: Астанада ЖЭО-3-тің үшінші қазандығы іске қосылды

Related posts

Ерекше баланың анасы әйелдің отбасындағы және қоғамдық жұмыстағы рөлі туралы айтты

ttjk

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ – ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ

ttjk

ӘЗІРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ

ttjk