ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ ШАҚЫРАДЫ!

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ 2024-2025 оқу жылына түлектерді оқуға шақырады!  Өнердің даңғыл жолына түсіп, талантын танығысы келген әрбір жанды өнер ордасы асыға күтеді! 

 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы көптармақты және көпсалалы оқу орны, шығармашылықтың зиялы қауымын дайындайтын орталық.  Түлектерінің жұмыстары әлемдік және ұлттық мәдениет пен өнердің үздік туындыларын құрайды, ғылыми кадрлар мен жоғары кәсіби мамандарды дайындаудағы ірі оқу-ғылыми ордасы болып саналады. 

 

Академияда 6 факультет жұмыс атқарады: 1) Театр өнері 2) Кино және ТВ; 3) Хореография; 4) Кескіндеме, мүсін және дизайн; 5) Өнертанушылық; 6) Музыка өнері.  Мамандарды дайындау бойынша 23 кафедра жұмыс жасайды, оның ішінде 17 шығарушы, 6 жалпы академиялық болып табылады. 2008 жылы біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау бөлімі ашылды. 2001 жылдың желтоқсан айынан бастап академия құрамына Республикалық көркемөнер колледжі қосылды, сол уақыттан бастап өнер саласында көп тармақтылы мамандарды даярлау басталды: мектеп-интернат – 7-9 сыныптар (бастапқы көркемөнер дайындығы), колледж (техникалық және кәсіби білім), ЖОО (жоғары арнайы оқу орны), сонымен қатар ЖОО кейінгі білім (магистратура және докторантура PhD).

 

1. МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ 

 

Мектеп-интернатқа қазақ және орыс тілінде жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбын бітірген, бейнелеу өнерінен  ерекше қабілеті бар және қабылдау емтихандарынан конкурс арқылы өткен балалар қабылданады. Оқыту барысында оқушылар сурет, кескіндеме, үйлестіру, мүсін және сәндік–қолданбалы өнер пәндерінен көркемсурет бойынша жалпы және негізгі орта білім алады, этюдтік сипаттағы туындылармен жұмыс істейді.  Оқу бюджеттік негізде (7, 8, 9 сынып). Басқа аймақтан келген барлық мектеп оқушылары интернатпен толық қамтамасыз етіледі. Мектеп-интернат – бастапқы көркемөнер дайындығынан өткісі келетін жас таланттар үшін таптырмас білім ошағы. 

 

2.КОЛЛЕДЖ

 

Колледжге қазақ және орыс тілінде негізгі жалпы білім беретін мектепті  (9 сынып) және көркемсурет немесе музыкалық бастауыш мектебін бітірген оқушылар қабылдау емтиханының қорытындысы бойынша конкурс арқылы қабылданады. Оқуға түсу емтихандарын  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің оқуға қабылдау  туралы   типтік ережелеріне сәйкес тапсырады. Оқуға қабылдау емтихан  қорытындысы бойынша  іріктеу  негізінде  жүзеге  асырылады. Колледждегі оқу: бюджет  негізінде және ақылы. Колледжде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі келесі  мамандықтар бойынша жүргізіледі: 

 

02150500 – Актерлік өнер;

02130100 – Кескіндеу, мүсіндеу және графика (түрлері бойынша);

02140100 – Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша);

02110300 –  Графикалық және мультимедиялық дизайн;

02120100 – Интерьер дизайны;

02120200 – Киім дизайны. 

 

Оқу тілі – актерлік өнер мамандығында қазақша, ал қалғандарында – аралас. Оқу мерзімі  барлық мамандықтарда – 2 жыл 10 ай. Колледж білім алушыларында өнер жолының бастапқы мықты іргетасы қаланады. 

 

Колледж мекен – жайы: Алматы қаласы, А.Кекілбайұлы көшесі, 133 (Торайғыров көшесінің қиылысы).

Қабылдау комиссиясының телефондары: 

8 (7273)-95-12-43 (01.06 бастап),  

8 (727) 395-12-48 /49

сайт: college.кaznai.kz

Instagram: kaznai.college.kz

 

 

3. БАКАЛАВРИАТ

 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына бакалавриат бойынша арнайы білім беретін мектепті  (11 сынып) және көркемсурет немесе музыкалық колледж түлектері қабылдау емтиханының қорытындысы бойынша конкурс арқылы қабылданады. Оқуға қабылдау емтихан қорытындысы бойынша  конкурс  негізінде жүзеге  асырылады. Оқу: бюджет  негізінде және  ақылы негізде. Оқу мерзімі – барлық білім беру бағдарламасының тобы бойынша 4 жыл, «Сән, дизайн» білім беру бағдарламасының тобы бойынша 5 жылды құрайды. 

 

Бакалавриат келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдайды: 

 

B021 – Орындаушылық өнер тобы( “Дәстүрлі музыкалық өнер”,  ”Эстрада өнер”) 

B023 – Режиссура, арт менеджмент ( “Режиссура”, “Театр режиссурасы”, “Арт-менеджмент”) 

B024 – Өнертану 

B027 – Театр өнері (“Актерлік өнер”) 

B028 – Хореография ( “Хореография педагогикасы”, “Балетмейстерлік өнер”) 

B029 – Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс (“Медиажурналистика”, “Медиа және гейм технология”, “Операторлық өнер”, “Аудиоөндіріс”) 

B030 – Бейнелеу өнері ( “Кескіндеме”, “Мүсін”, “Графика”, “Сәндік өнер”, “Сценография”) 

B031 – Сән, дизайн ( “Дизайн”, “Сән және костюм дизайны”) 

 

Қабылдау шарттары:

 

Актерлік өнер білім беру бағдарламасына түсушілердің жас мөлшері: қыздар (20 жасқа дейін), жігіттер (22 жасқа дейін); 
Эстрада вокалисі білім беру бағдарламасының бейіні бойынша түсушілердің жас мөлшері: 25 жас; 
Кескіндеме, мүсін, графика, сәндік өнер, сценография, сән және костюм дизайны, дизайн білім беру бағдарламаларына түсушілердің орта көркемдік кәсіптік білімі (студия, мектеп, колледж) болуы керек. Іріктеу комиссиясына өзінің 20-ға жуық жұмысын тапсыруы тиіс.
Музыкалық театр артисі, Эстрада оркестрінің артисі, Эстрада вокалисі, Халық әні, Халық аспаптары білім беру бағдарламаларына музыкалық орта білімі бар талапкерлер қабылданады.
Хореография білім беру бағдарламасына қабылдау кезінде хореографиялық училищені, балеттік мектеп-студия және мәдениет, өнер колледждерін бітіргендерге аса назар аударылады.

 

 

4. МАГИСТРАТУРА 

 

ЖОО кейінгі білім беру магистратурасы мына білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдайды :

 

M025 – Дәстүрлі музыка өнері 

M028 – Режиссура

M029 – Театр өнері ( “Театр режиссурасы”, “Актерлік өнер”) 

M030- Эстрада өнері 

M031 – Хореграфия 

M032 – Аудиовизуалды өнер және медиа өндіріс ( “Медиажурналистика”, “Жаңа медиа”, “Операторлық өнер”, “Аудио өндіріс”

M033 – Бейнелеу өнері ( “Кескіндеме”, “Мүсін”, “Графика”, “Сәндік өнер”, “Сценография”) 

M034 – Өнертану 

M035 – Сән, дизайн ( “Дизайн”, “Сән және костюм дизайны”)

M037- Арт – менеджмент

 

 

5. ДОКТОРАНТУРА (PhD) 

 

D028Режиссура

D029 –  Театр өнері

D030 – Эстрада өнері

D031 – Хореография

D033Бейнелеу өнері

D034 – Өнертану 

 

 

Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Диссертациялық кеңесі Орталық Азия мен Қазақстан өнері саласындағы ғылымды дамытуда маңызды рөл атқарып келеді.

Өнер академиясы Британдық Goldsmiths компаниясымен, Лондон университетімен және Алматы Impact Hub компаниясымен бірлесіп, British Council Creative Spark жоғары білім саласындағы кәсіпкерлік бағдарламасының грантын жүзеге асыруда. Бұл бағдарлама студенттерге, оқытушыларға ағылшын тілін үйретуге бағытталған. Академия қабырғасында Орта Азия мен Қазақстан өнеріндегі соңғы ғылыми ізденістерді насихаттайтын «Орталық Азия өнертану журналы» (Central Asian Journal of Art studies) атты ғылыми журналы шығарылады. 

 

2022-2023 оқу жылының қыркүйек айында бакалавриат бойынша 2006 студент, 119 магистриант, 16 докторант білім алды. Академия түлектерінің мәдениет пен өнер саласындағы ұйымдарға жұмысқа орналасуы жағынан үлкен сұранысқа ие. 2022 жылы бюджеттік негізде оқуын аяқтаған академия түлектерінің мамандық бойынша жұмысқа орналасуы  72%-ды, магистратура бойынша 81%-ды және докторантура бойынша 100%-ды құрады. Академияның профессорлық құрамы мен білікті ұстаздары, ізденімпаз студенттерінің арқасында осындай көрсеткішке жетіп отыр. 

 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында еліміздің өңірлеріндегі мектеп, колледж түлектеріне кәсіби бағдар беру іс-шаралары жыл сайын жүргізіледі. Талапкерлердің қызығушылығын арттырып, оқуға түсуге бағыт-бағдар беру мақсатында «Ашық есік күндері» өткізіліп тұрады. Сонымен қоса, оқуға түсушілерге арнап әр түрлі мамандықтар бойынша, мысалы  «Хореография» факультетінде «Ұлы дала жастары», «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінде «Үкілі үміт», «Өнертану» факультетінде «Топжарған», «Театр өнері» факультетінде «Infinity», «Сценография» кафедрасында «Дарынды сценограф», «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасында «Жас екпін», «Музыкалық өнер» факультетінде «Жас дарын», «Кино және телевизия» факультетінде «Таланттар шоғыры» атты конкурстар мен байқаулар жыл сайын өткізіледі. Толық ақпаратты   www.kaznai.kz сайтынан алуға болады. 

 

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мекен-жайы: Алматы қ-сы, Панфилов к-сі, 127  

8/727/2614240,  ф.2611598

e-mail: kaznai@art-oner.kz

Қабылдау комиссиясы: 8 (727) 272 46 74

 

 

Related posts

ТҮРКІ ӘЛЕМІ КИНО САММИТІ-2022

ttjk

Мемлекеттік қызметтің сын-тегеуріндері мен келешегін әлемнің 20 елінің 200 практиктері, ғалымдары және сарапшыларымен талқылады

ttjk

ПЕДАГОГТАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

ttjk