Некеге тұрғысы келетіндерге генетикалық тест тапсыру міндеттелмек

Біріккен Араб Әмірліктерінде биылдан бастап барлық азаматтар некеге тұру алдында генетикалық тест тапсыруға міндеттелмек. Мұндай шешім елдегі туабітті генетикалық аурулардың кең таралуына байланысты қабылданып отыр.

Бұрын бұл елде некеге тұруға ниет білдірген азаматтардан тек медициналық тексеру талап етілгенімен, генетикалық тестілеу ерікті түрде жүргізіліп келген. Ендігі жерде процедура міндетті түрде азаматтардың бәріне енгізіліп отыр.

Мұндай тестілеу 570-ден астам генетикалық мутацияны анықтауға мүмкіндік береді екен. Олардың ішінде жүрек-қан тамырлары аурулары, эпилепсия, бұлшықет атрофиясы, есту қабілетін жоғалту, муковисцидоз және басқа да ауыр тұқым қуалайтын аурулар бар. Бұл әдіс отбасын жоспарлау кезінде болашақ ата-аналарға денсаулық жағдайын ескере отырып, дұрыс шешім қабылдауға көмектеспек.

Related posts

Астанадағы апатты үйлерден 4200 адам жаңа баспанаға көшіріледі

ttjk

Құрлық әскерлері басшылығы сарбаз өліміне қатысты пікір білдірді

editor

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев өмірден өтті

Назия Жоямергенқызы