Алматыдағы медиа форум: «Түркі елдері арасындағы цифрлық көпір: PR-дағы жаңа технологиялар, платформалар және құралдар»

2025 жылдың 18-19 қарашасында Алматыда өтетін VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында «Түркі елдері арасындағы цифрлық көпір: PR-дағы жаңа технологиялар, платформалар және құралдар» тақырыбындағы отырыстың тізгінін медиа-сарапшы, «NazymPR» коммуникациялық бутик агенттігінің негізін қалаушы Назым Жангазинова ұстайды.
Аталған отырыста мәдени мұралар арқылы түркінің ұлттық құндылықтарын насихаттау, «түркі бренді!: түркі елдерінің әлемдік аренадағы имиджін нығайту үшін PR стратегиясын үйлестіру, PR арқылы бизнеске мүмкіндіктер жасау, өзгеріс дәуіріндегі түркі әлемі: дағдарысқа қарсы коммуникациялар және беделді басқару мәселелері кеңінен талқыға салынады.
VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы — Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан Әйел журналистер клубының “Шеврон” компаниясымен серіктестігінде өткізетін шарасы. Форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері, Қоғам қайраткерлері қатысады.
Медиа форумға қатысу тегін: https://forms.gle/YvuqknhfVYkRGNMu7
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).

Related posts

Абай облысында жылыту маусымына орай өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді

Назия Жоямергенқызы

Алматы әкімі көз аурулары ҚазҒЗИ мен Қалалық кардиологиялық орталыққа барды

UNESCO Heritage Sites in Türkiye That You Should Know Better

ttjk