“Набат операциясы”

Жуырда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тарихи, жаңа картинасы экрандарға жол тартады. Біз қазақ тарихы десек, қашанда киіз үй, ат, хан болатынына үйреніп қалғанбыз. Бірақ бұл картинаның авторлары өткен жылдардағы тарихқа көз жүгіртуді жөн көрді.

1992 жылы кезеңдестіру кезінде қашып кеткен 6 тұтқын Шиелі стансасы маңында қалааралық автобустың жолаушыларын кепілге алған. Ұзақ келіссөздерден кейін қарақшылар ұшақ талап етті. Бірақ нақты жоспарланған операцияның нәтижесінде қылмыскерлердің барлығының көзін жойды. Кепілге алынғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл бірде-бір адам жараланбаған әлемдегі бірінші операция болды.

Атыс, шабыстың көптігіне қарамастан, «Набат операциясы» құқық қорғау орган қызметкерлерінің көзсіз батырлығы мен операция туралы емес. Бұл тағдырдың жазуымен осы автобусқа тап болған қарапайым адамдардың – кепілге алынғандардың өміріндегі 20 сағатқа созылған оқиға. Және адами қасиеттерінің айқын көрінісі.

Қоюшы режиссері: Рашид Сүлейменов. Қоюшы-операторы: Ернұр Рыспаев. Сценарий авторлары: Ильхам Джалилов, Рашид Сүлейменов, Рустам Азаматов.
(Міндетті түрде көрсетілсін: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндірісі.)

Related posts

БИРГИ — 2022 ЖЫЛДАҒЫ «ЕҢ ҮЗДІК ТУРИЗМ АУЫЛДАРЫНЫҢ» ТІЗІМІНДЕ

ttjk

Жасанды интеллектіні тиімді қолданудың тәсілі айтылды

editor

ҚазҰУ-да Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған конференция өтті

ttjk