АСТАНАДАҒЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВ ОРТАЛЫҒЫНДА 220 СПОРТШЫ ЖАТТЫҒАДЫ

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде олимпиадалық резерв спортшыларын даярлау туралы «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» КММ басшысы Дастан Канатканов брифинг өткізді.

Орталықта спорттың 23 түрі бойынша спортшыларды даярлау белсенді жүргізілуде. Оның ішінде 19 – жазғы олимпиадалық, 3 – қысқы олимпиадалық спорт түрлері және паралимпиадалық спорт түрлері бөлімдері бар.

2006-2023 жылдар аралығында Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының, Азия ойындары мен Азия чемпионаттарының чемпиондары, жүлдегерлері мен қатысушыларының үлкен тобын дайындадық. Мысалы: 4-жүлдегер және 19 Олимпиада ойындарының қатысушысы, 39 жүлдегер және 20 әлем чемпионатының қатысушылары (ересектер, жастар, жасөспірімдер), Азия ойындарының 33 жүлдегері, сондай-ақ, таяуда Қытайдағы жазғы Азия ойындарында үйлесімді жүзуден спортшыларымыз 3-ші орын алды, – дейді «Олимпиадалық резерв дайындау орталығы» КММ басшысы.

Бүгінгі таңда орталықта 220 спортшы бар. Атап айтқанда, жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша – 189 спортшы, қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша – 21 спортшы, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша – 10 спортшы. Орталықтың контингенті үш жас санаты бойынша спорт түрлерінен ауыспалы құрамға ие. Бұл спортшылар жеткіншіктер, жасөспірімдер және жастар құрамын қамтиды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында 161 спортшы бар. Оның ішінде 59 жеткіншектер мен жасөспірімдер құрамында, 68 жастар құрамында және 34 негізгі құрамда. Орталық құрамында 1 спортшы – «Еңбек сіңірген спорт шебері», 27 спортшы – «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» болса, 70 спортшы – «спорт шебері» және 123 спортшы – «спорт шеберіне үміткер» атақтарына ие.

ОРДО-ның өз спорттық базасы жоқ. Оқу-жаттығу сабақтары жалға берілетін спорт ғимараттарында өткізіледі, бірақ соған қарамастан спортшылардың спорттық көрсеткіштері жақсаруда. Осы кезеңдегі жарқын спорттық жетістіктердің ішінде әлем чемпионатында боксшы – Санжар Ташкенбайдың жеңісін айтуға болады, Қазақстан тарихында тұңғыш рет үйлесімді жүзуден әлем чемпионатында қола жүлдегер – Ким Эдуардтың, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионы – Абылайхан Ормановты және еркін жаттығуларда спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында күміс жүлдегер – Дмитрий Патанинді атап өтуге болады, – дейді Д.Канатканов.

Бүгінгі таңда спортшылар Азия чемпионаттарында 23 медаль, Азия кубоктарында 3 медаль, әлем чемпионаттарында 29 медаль, әлем кубоктарында 14 медаль, халықаралық турнирлерде 49 медаль және ҚР чемпионаттарында 386 медаль жеңіп алды. 2023 жылдың наурыз айында өткен қысқы жастар ойындарында спортшылар түрлі дәрежедегі 47 медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, ҚР Спартакиадасында 65 медаль иеленді.

1 шілдеден бастап орталықта 2 бөлім ашылды. Оның ішінде триатлон және гандбол. Алдағы уақытта орталықта қосымша жазғы спорт түрлері ашылады деген жоспар бар. Орталық штатында 23 жаттықтырушы жұмыс істейді, барлығы жоғары Дене шынықтыру білімі және жоғары санаттары бар, олардың ішінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 5 жаттықтырушы бар: Болат Данияров – дзюдо, Лайлим Омарова – көркем гимнастика, Сергей Тиунов – байдарка мен каноэда есу, Болат Мамырбаев – бокс (әйел) және Абзал Құдасов – бокс (ерлер).

Related posts

Гора Довраз – горнолыжный курорт в Турции

ttjk

Соңғы қоңырау 1-маусымда өтеді

ttjk

МЫСЫРДА ТУРИСТКЕ АКУЛА ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

ttjk