Мопедшілерге жүргізуші куәлігін алу міндеттелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты екі заңға қол қойды.

Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға да қол қойды.

Екі заң да көлік құралдарының жекелеген түрлерінің, оның ішінде мопедтердің қозғалысын ұйымдастыру, Қазақстандағы жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру, сондай-ақ жаңа әкімшілік құқықбұзушылықтарды енгізу саласында туындайтын мәселелерді құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған. Заңдар жол қозғалысы туралы заңнамаға бірқатар түзетулерді қарастырады.

Сонымен қатар мопедтерді міндетті мемлекеттік тіркеу енгізіледі. Қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден аспайтын немесе электр қозғалтқышы бар және максималды жобалық жылдамдығы сағатына елу шақырымнан аспайтын барлық мопед тіркелуі керек.

Мопедті айдағысы келетіндер А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуы керек

 

Related posts

Michelin Внесла в Список 53 Ресторана в Стамбуле

ttjk

Мерекелік дастарханнан салмақ жинамаудың амалдары немесе жаңа жылдық тамақтануға қатысты ТОП 10 «лайф-хак»

ttjk

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚОРҚЫТ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР

Назия Жоямергенқызы