Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

2026 жылдың 20 тамызында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелеріне арналған Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ресурстық және өндірістік әлеуеті жағынан Орталық Азияда көш бастап тұрғанына назар аударып, бұл артықшылықты ел мүддесіне тиімді пайдалану қажет екенін айтты.

«Қазба байлығы мол елдер үшін әлемдегі қазіргі ахуал тиімді әрі бірегей мүмкіндіктерге жол ашып отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент әлемде аса маңызды минералдарға қол жеткізу үшін мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыт жоғары технологиялық салаларды дамыту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие.

Осыған байланысты Қазақстан қолда бар ресурстары мен өнеркәсіптік әлеуетін тиімді пайдаланып, өндіріс тізбегін дәйекті түрде дамытуы қажет.

Отырыс барысында Үкімет мүшелері саланың қазіргі жағдайы, минералдық ресурстарды игеру перспективасы, қайта өңдеу өндірісін дамыту және осы бағыттағы кедергілер туралы есеп берді.

Жиын қорытындысы бойынша Президент Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға:

  • саланы дамытуға қатысты жүйелі тәсіл қалыптастыруды;
  • реттеу тетіктерін жетілдіруді;
  • геологиялық барлау және өңдеу ісін дамытуды;
  • техногендік минералдық түзілімдерді экономикалық айналымға қосуды;
  • зертханалық базаны және кадрлық әлеуетті нығайтуды;
  • әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды.

zakon.kz

Related posts

«ЕРКІН СӨЗ»-2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Назия Жоямергенқызы

Жаңартудан кейін жұмыс орнының саны 100-ден 160-қа дейін көбейеді

Назия Жоямергенқызы

ЮНЕСКО кафедрасы III PR Қысқы мектебін өткізеді

ttjk