Мектепте ақша жинағандарға айыппұл салуды ұсынды

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Құқықтық тәртіп, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитеті елдің «Білім туралы» заңына, «Құқықбұзушылық туралы» кодексіне мектепте заңсыз ақша жинағаны үшін айыппұл салуды қарастыратын түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады.

Заң жобасының бастамашысы Жогорку Кенештің депутаты Миргүл Темірбаеваның айтуынша, Қырғыз Республикасы Президентінің жарлығымен салынған тыйымға қарамастан мектептерде әлі де заңсыз ақша жинау жалғасып жатыр.

Сондықтан мектепте тегін білім алу құқығын қамтамасыз ету, заңсыз ақша жинауға жол бермеу, оның ішінде мектептерде мемлекеттік қор құру арқылы осы заң жобасы әзірленді.

Ақшаны заңсыз өндіру фактілері анықталған жағдайда «Құқық бұзушылық» туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тарту ұсынылады.Түзетулер Құқық бұзушылық туралы кодекске «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында ақшалай қаражатты заңсыз өндіру» 74-1-бабын енгізуді ұсынады, оны бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 200 есептік көрсеткіш (20 мың сом немесе 113 мың теңгеден астам) айыппұл салынады.

Егер дәл осындай бұзушылық мектептерде мемлекеттік қор құру арқылы орын алса, онда бұл жеке тұлғаларға 400 есептік көрсеткіш (40 мың сом немесе 227 мың теңгеден астам) және заңды тұлғалар үшін 600 есептік көрсеткіш (60 мың сом немесе 340 мыңнан астам теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқпақ.

 

Related posts

Астанада «Түріктің таңғы ас күні» атап өтілді

Назия Жоямергенқызы

АЛАНЬЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КӘСІБИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ttjk

EVLİYA ÇELEBİ GENÇLİK KÖPRÜLERİ DESTEK PROGRAMI’NA BAŞVURULAR BAŞLADI

ttjk