Катар: мақсаттар мен мұраттар біріктіреді

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарды Қазақстанның ортақ мақсаттар мен мұраттар біріктіретін ең жақын серіктестерінің бірі ретінде атады.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары Қазақстан мен Қатар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша елеулі табысқа қол жеткізгеніне назар аударды. Бұған қоса, екі ел берік құқықтық база қалыптастырды және бірқатар ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтетін ШЫҰ саммитін қолдап, құрметті қонақ ретінде қатысуға ниет танытқаны үшін Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Қатар елшісі Абдалла бен Хусейн Джабер құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Доханың екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі қарқынды дамытуға бейілді екенін растады.

Сонымен қатар кездесуде екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде сауда-экономика, энергетика және денсаулық сақтау салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды.

Related posts

2021 ЖЫЛ — ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ ЖЫЛЫ

ttjk

ПРЕЗИДЕНТ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Назия Жоямергенқызы

ҚОС ТЕҢІЗДІҢ ТОҒЫСҚАН ТҰСЫНДАҒЫ МУҒЛА

ttjk