ҰЛТТЫҚ БАНК ТЕҢГЕ БАҒАМЫН РЕТТЕМЕЙДІ

 

Қазақстанда бұдан былай теңгенің шетелдік валютаға шаққандағы бағамына ҚР Ұлттық банкі араласпайтын болды. Бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов Үкіметтегі кеңейтілген отырыста: «Теңгенің бағамы інарықтық сұраныс пен ұсынысқа қарай түзілетін болады. 20 тамыздан бастап біз жаңа ақша-несиелік саясатқа кірісуге бел байладық», – деді. Яғни, бұрын Ұлттық банк тарапынан күшпен ұсталып келген теңгенің бағамы ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып, еркін айырбастау бағамына сәйкес өзгеріп отырады.

«Ұлттық банк теңгенің нарықтық деңгейдегі бағамын қалыптастыруға араласпайды. Бірақ елдегі қаржылық жүйенің тұрақтылығына қауіп төнген жағдайда валюталық теңгерімдерді реттеуге құқылы», – деп мәлімдеген Мәсімов валюта бағамының нарықтағы сұранысқа сай, мемлекеттің араласуынсыз қалыптасуы экономикалық өсімді қайта қалпына келтіруге, несиелік және иннвестициялық белсенділікті арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

 

 

Related posts

«OYLA» ЖУРНАЛЫ ОҚЫРМАНМЕН ҚАУЫШТЫ

Назия Жоямергенқызы

Halyk Bank:  «Бізбен бірге болғаныңыз үшін Сізге бонустар сыйлаймыз!»

ttjk

АҢСАҒАН ФРАНЦУЗДАРДЫ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

Назия Жоямергенқызы