“Әлеумет — қоғам айнасы” байқауының қос жүлдегері

Түркітілдес журналистер қорының мерейлі датасымен сәйкес келген халықаралық жиында қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге қалам тербеп жүрген қалам иелері арасында өткен республикалық байқаудың жеңімпаздары белгілі болды.

Айта кету керек, жыл сайын өткізіліп келе жатқан шығармашылық байқаудың маңызы жоғары. Себебі елдегі қордаланып қалған әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқатып, үкіметтің құлағына жеткізуде журналистердің атқарып жүрген жүгі ауыр.

Бұл жылы да байқаудың қоржынына келіп түскен шығармаларды таңдау қазылар алқасының да жұмысын қиындатқан. Алайда шығармаларды бағалау материалдардың объективтілігі, кәсіби шеберлігі, әлеуметтік жобалардың маңыздылығын жан-жақты ашып көрсетуі, жұмыстардың шығармашылық толымдығы сынды бірнеше өлшем негізінде жүргізілген.

Сонымен биыл “Әлеумет — қоғам айнасы” байқауының бас жүлдесі Жанаргүл Қадыроваға табысталды. Жүлде иесіне байқаудың арнайы дипломы мен ноутбук сыйға тартылды.

ал екінші жеңімпаз — Нұрбек Дәуренбековке соңғы үлгідегі ұялы телефон бұйырды.

 

.

Related posts

Türkiye de Küresel Gazeteciler Konseyi kuruldu

ttjk

Discover the ancient cities of the Turkaegean

ttjk

Диалог во имя согласия: в Семее проходит тренинг по этномедиации

Назия Жоямергенқызы