Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жазды.

Министр Будапешттегі сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесіп, тиісті келісімге қол қойған.

«Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді»,  деп жазды министр. Сондай-ақ Мырзабосынов елімізде Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін ашу туралы уағдаласқан.

Related posts

Қазақ күресінен бес спортшы алтынға үмітті

editor

Президент Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

editor

ФОРУМ «ИНКЛЮЗИВНЫЙ КАЗАХСТАН»

Назия Жоямергенқызы