Курашты 13 жүлдемен қортындыладық

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өзбек халқының ұлттық спорты кураштан екінші жарыс күні аяқталды. Екінші жарыс күнінің қортындысы бойынша елімізден 7 балуан медаль иегері атанды, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Кураштан еліміздің атынан қатысқан 7 спортшы жартылай финалға өтіп, оның төртеуі ақтық сынға жолдама алды. Өкінішке қарай, екінші жарыс күні отандық спортшыларға алтын бұйырмады. Осылайша, біздің балуандар 4 күміс, 3 қола жүлде иеленді.

1. Марат Нигматуллаев – қола жүлде (ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесі)
2. Ернұр Сүлейменов – күміс жүлде (ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесі)
3. Айбек Қазақбаев – күміс жүлде (ерлер арасында 66 келі салмақ дәрежесі)
4. Толғанай Абеуова – күміс жүлде (әйелдер арасында 57 келі салмақ дәрежесі)
5. Алтынай Нұрханова – қола жүлде (әйелдер арасында 57 келі салмақ дәрежесі)
6. Нұрдін Шаймерден – күміс жүлде (ерлер арасында 73 келі салмақ дәрежесі)
7. Әділет Ахметғали – қола жүлде (ерлер арасында 73 келі салмақ дәрежесі)

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні  6 спортшымыз кураштан жартылай финалға жолдама алып, үшеуі ақтық сында бақ сынады. Ал жалпы кураштан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 6 күміс 6 қола жүлдеге ие болды.

Related posts

Бесасықтан әйелдер құрамасы финалда

editor

ASGD KOŞUSU’NU İLYADA KAZANDI

ttjk

Президент Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

editor