Колонияда тұтқын қайтыс болды

Шымкент колониясында жатқан тұтқын қайтыс болды. 37 жастағы ер адамның туыстары мекеме қызметкерлері оны ұрып өлтіргенін алға тартып отыр.

Қайғылы жағдай 7 қыркүйекте болған. Мекеме басшысының сөзінше, бопсалау бабымен үш жарым жылға сотталған ер адам түрмеге түскелі асқазан ауруымен ауырған. Бес рет дәрігерлер көмегіне жүгініпті. Соңғы рет 3 қыркүйекте ауруханаға түсіп, кейінірек көз жұмған. Медицина және түзеу мекемесінің мамандарына қатысты қызметтік тексеру басталды.

Марқұм колонияға бір ай бұрын түскен. Оның артында 3 баласы мен келіншегі қалды. Ал қылмыстық істің қай бап бойынша қозғалатыны сот-медициналық сараптамасынан соң белгілі болмақ.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты № 54 мекеменің бастығы Серікбай Дүйсеновтің сөзінше, қылмыстық іс, тергеу амалдары жүріп жатыр. Құзырлы органдар да тексерісті бастап кеткен.

Related posts

ЖЕРДЕГІ ЖӘННАТ — АНТАЛЬЯ

ttjk

Әйелдердің бизнесіне Америкада көмектеседі

ttjk

АЛАНЬЯДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

ttjk