Кипрмен әуе қатынасы ашылады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Аталған жұмыс аясында «Air Astana» әуекомпаниясы Кипр Республикасының Ларнака қаласына тұрақты рейстерге билеттер сатылымын ашты.

Маусымнан бастап қыркүйек айына дейін әуетасымалдаушы Астана және Алматы қалаларынан Ларнака қаласына тұрақты рейстер орындайды.

Астанадан ұшулар 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 40 минут, кері 5 сағат 5 минут.

Алматыдан рейстер 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін бейсенбі және жексенбі күндерге жоспарланған. Ұшу ұзақтығы 6 сағат 5 мин., кері 5 сағат 30 мин.

Барлық рейстер заманауи Airbus A321LR үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Баспасөз қызметі

Related posts

The countdown for the 2023 EuroVelo & Cycling Tourism Conference begins

Назия Жоямергенқызы

Қаржы пирамидаларынан келген шығын 20 миллиард теңгеден асты

editor

Шетелдік көлікті заңдастырмаса қандай жаза қолданылады?

ttjk