Кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөнінде жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде Кемсітушілікке қарсы заңнама және Нәсілдік кемісітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны орындау мәселелері жөнінде тұрақты жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар қатысты.

«Кемсітушілікке қарсы заңнаманы әзірлеу мәселесіне ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, жан-жақты және сапалы қаралу керек. Сонымен қатар еліміздің қолданыстағы құқықтық жүйесі мен қазақстандық қоғам ерекшелігін ескере отырып, халықаралық тәжірибені тағы да мұқият зерделеу қажет», – деп атап өтті жұмыс тобының жетекшісі ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова.

Негізгі міндеттер ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетіне жүктелген. Комитет төрағасы Ғалым Шойкин кешенді және тиімді шешімдер әзірлеудің қажеттігін атап өтті. Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның орындалу маңызын сөз етті.

Жұмыс тобының құрамына сондай-ақ ҒЖБМ, ОМ, ӘМ, СІМ, ЕХӘҚМ, Бас прокуратура, ҰҚК, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері кірді.

Жұмыс тобының қызметін үйлестіру үшін 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасының жобасы әзірленді.

gov.kz

Related posts

ФЕСТИВАЛЬ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА «ДЕДЕ КОРКУТ»

ttjk

Қазақстанда алғаш рет PRO.NRG FEST ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтеді

ttjk

Наслаждайтесь красками весны в Стамбуле

ttjk