Келер жылы әскер қатарына 41 706 азамат шақырылады

2025 жылы 18 жастан 27 жасқа дейінгі саны ер азаматтарды әскер қатарына шақыру туралы президент жарлығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған.

Құжатта әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі саны 41 706 ер азаматты 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізілетіні көрсетілген.

«Қазақстан заңнамасына сәйкес әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.  Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын», делінген бұйрық жобасында.

Айта кетсек, 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады, оның ішінде:

Қарулы Күштер, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары – 700 адам;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам;
Төтенше жағдайлар министрлігі – 4 адам.

 

Related posts

Türkiye’s Most Beautiful Cittaslow Towns

Алғашқы exit-poll қорытындысы шықты

editor

Iconic Street Food from İstanbul

Назия Жоямергенқызы