Күзгі дала жұмыстары пысықталды

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен күзгі дала жұмыстары жөніндегі Жедел штабтың кезекті отырысында фермерлердің егін жинауды үздіксіз жүргізуіне кедергі келтіретін мәселелері қалай шешілетіні талқыланды.

Отырыс барысында астық кептіру агрегаттарын қолжетімді бағадағы сұйытылған газдың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселесі оң шешілді. Сұйық отынмен кептіру агрегаттары бар алты өңірдің әкімдіктері қажеттілік көлемін бұрынғы 21,5 мың тоннадан 19,3 мың тоннаға дейін төмендетті. Қазірдің өзінде Энергетика министрлігі төмендетілген құны бойынша 5,5 мың тонна бөлген болса, қалған 14 мың тонна көлемі өндірушіден коммерциялық баға бойынша сатып алынатын болады. Фермерлер үшін отын бағасын арзандату мемлекет есебінен жүргізіледі. Қазір  барлық алты аймаққа кептіргіштерге сұйытылған газ жеткізіліп жатыр. Күзгі-дала жұмыстарына дизель отынын жөнелту кесте бойынша жүргізілуде. 16 қыркүйектегі дерек бойынша, 209,6 мың тоннадан астам жөнелдітлді, бұл жоспардың 59%-ы.

Жаңа өнімді қабылдау үшін элеваторлардан өткен жылғы астық дақылдарын жөнелту қажет – жаппай егін жинау басталғанға дейін Азық-түлік корпорациясының алдына осы міндетті орындау қойылды. «Азық–түлік корпорациясы» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында 1,5 млн тонна астық шығару жоспарланғанын, оның 736 мың тоннасы тамыз айында жөнелтілгенін хабарлады. Азық-түлік корпорациясының меншігіндегі қорлары 300 мың тоннадан асады, жеке астық иелерінің көлемі – 734 мың тоннадан асады.

ҚТЖ 20 қыркүйектен бастап астықты жаппай жөнелтуді күтіп отыр, бұл мақсатқа елімізде 12 мыңға жуық астық тасымалдаушы дайын. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров атап өткендей, вагондардың жалпы санынан 6 мыңға жуығы Қара және Балтық теңіздерінің порттары бағытында астықты экспортқа тасымалдауды қамтамасыз етуге дайын.

Related posts

5 reasons to explore Urla, Türkiye’s rising culinary hub

ttjk

Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО

Назия Жоямергенқызы

Ресейде қазақ мектептері ашылатын болды

editor