РАМАЗАН ДЕМИР: «БАЛЫКЕСИР – АЛМАТЫМЕН ЕГІЗ ҚАЛА»

Түркітілдес журналситер қорының Балыкесир Журналистер қорымен бірлескен жобасының алғашқы күні Балыкесир қаласының АЙвалык ауданына қарасты Джунда аралында басталды.

Эгей теңізінің ортасында орналасқан Джунда аралын түріктер «Алибей аралы» деп те атайды. Түркиядағы 26 аралы бар Айвалык аралдарының архипелагының ең үлкені, Түркияның солтүстік-батыс жағалауындағы Эдремит шығанағында, Түркияның Балыкесир провинциясындағы Айвалык жағалауында орналасқан. Көлемі 26,8 шаршы шақырым Грекияның Лесбос аралынан шығысқа қарай 16 шақырым жерде орналасқан.

Аралдың көрікті де тарихи жерлерін аралаған қазақ журналистер Айвалыктағы «Өзгүн» зәйтүн фабрикасына барды. Түркия зәйтүн өндірісінде әлемдік нарықта маңызды орынға ие. Мәселен, Балыкесирде 12 миллион түп зәйтүн ағашы бар. Жыл сайын 33 000 тонна зәйтүн жиналып, ішкі және сыртқы нарыққа сатылымға шығарылады.

Фабрикадан кейін Түркітілдес журналистер қорының мүшелері аралдар шоғырланған аймақтағы «Шайтан дастарқаны» деген тарихи мекенді көрді. Аңыздарға сенсек, ерте заманда аштықтың шығуына себеп болды деп билеуш мен дін қызметкері жала жабуға тырысқан шопан ашулы топтың қаөарынан қорқып, сол төбенің басында дастарқанын жайнатып қояды екен. Құс сүтінен басқаның бәрі табылған дастарқанды көріп әрі дәм татқан адамдар райынан айнып, жайларына кететін болған.

«Шайтан дастарқаны» аталған төбенің басында орасан зор үлкен тастан қашалған аяқкиім ізі жатыр. Жергілікті жұрт оны «Шайтанның ізі» атап кеткен.

Тарихи төбеден кейін қазақ делегациясы Айвалыктың орталық көшелерін аралап, Джунда аралында кешкі асқа жиналды. Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир қонақтарына алғысын білдірді: «Қазақ бауырларымыздың Балыкесирге келуі біз үшін үлкен мәртебе. Биыл жазда Алматыға барған сапарымызда біз қаланың Балыкесирге қатты ұқсайтынын байқадық. Адамдардың бізге деген жылы лебізін, бауырластық жақындығын сезіндік. Түркияның бақытты адамдары өмір сүретін 10-қаласы – Балыкесирге қош келдіңіздер!».
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы: «Екі ел мен ұлт арасындағы рухани, мәдени және тарихи байланыстарды нығайтуда БАҚ өкілдері қосатын үлес орасан зор. Сондықтан журналистердің әріптестік әрі бауырластық байланысы жалғасын табуы тиіс», – деді.

Related posts

Астанада жастар Ұлттық киім күніне орай арнайы челлендж бастады

ttjk

ҚЫЗЫЛОРДА: ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА 27 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ТАБЫСТАЛАДЫ

ttjk

Түркияның жаңа жазғы тағамдарының дәмін татыңыз

ttjk