IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумы өтіп жатыр

Алматы қаласында  «TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» тақырыбында  IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумы өтіп жатыр.

Айтулы шараға Британия, Германия, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр секілді тағы бірнеше елден туризм және медиа саласының өкілдері, сондай-ақ еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, журналистика саласының тәжірибелі сарапшылары, республикамыздың атқарушы орган өкілдерінің баспасөз хатшылары, БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Форумда шетелдік және отандық медиа және туризм саласының мамандары түркі елдерінің бірлігін нығайтып, туыс халықтар арасындағы мәдени, туристік және журналистика саласындағы байланыстарды арттырудың маңыздылығы туралы ойларын ортаға салмақ. Сонымен қатар іс-шараның екінші күні республиканың әр аймағынан келген журналистерге жасанды интеллектіні қолданудың қыр-сырымен бөлісетін семинар-тренингтер жоспарланған.

Түркітілдес журналистер қорының он жыл ішінде атқарған қызметі мен отандық журналистика саласына қосқан үлесіне де қатысушылар форум аясына кеңінен атап өтті. Мәселен, осы жылдарда қор ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және қаржылық қолдау қажет аймақтағы БАҚ қызметкерлеріне қаржылық қолдау білдіріп келеді. Сонымен қатар қор жанынан құрылған жас журналистер мектебінде тәлім алған мектеп түлектеріне де тегін онлайн курстар ұйымдастырып келеді. Сол курстардан тәлім алған түлектердің бірқатары еліміздің журналистика факультеттеріне оқуға түсіп, тегін грант алып келеді. Бұдан басқа, жыл сайын қордың ұйымдастырумен БАҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағытында әртүрлі тақырыптарда семинар-тренингтер ұдайы өтіп тұрады.

Бүгінгі форумда да спикерлер «Түркі елдеріндегі туризм және пиар», «Түркі елдеріндегі геосаяси ахуал және медиа нарық», «Ақпаратты тұтынудың болашағы: Жасанды интеллект, жаңа форматтар», «Аймақтық БАҚ және бәсекелестік» тақырында баяндама жасап, қатысушылардың сауалына жауап ізделеді.

Related posts

ТҮРКИЯНЫҢ ӘР АЙМАҒЫ — КӨНЕ ТАРИХ

editor

Түркиядағы ЮНЕСКО тізіміне енген нысандар

ttjk

4 ақпан — Обырға қарсы күрес күні

ttjk