Интернеттегі алаяқтық фактілері былтырғыдан 31 пайызға көп

Ғаламтор арқылы адамдарды сан соқтыратын алаяқтардың айласы күн сайын түрленіп жатыр. Олар тіпті, полиция қызметкерлеріне ұсталмаудың амалын шебер меңгерген. Мәселен, жыл басынан бері жасалған қылмыстың тек 10 пайызы ашылған. Интернет алаяқтарын құрықтау неге қиын, олардан қалай сақтану керек? Амангелді Сейітхан айтады.

Елімізде интернет арқылы жасалатын алаяқтық рекордттық көрсеткішке жетті. Былтырғымен салыстырғанда 31 пайызға көп. Мамандар сақ болу қажеттігін қанша ескертсе де, сан соғып қалып жатқандар жетерлік. Солардың бірі – Шынар Хабибуллина.

Шынар Хабибуллина, қала тұрғыны:
Банктің қауіпсіздік қызметкерімін деп звондап менің аты-жөнімді толық атап хабарласты. Сіз Қалиев Ринат деген жігітті танисыз ба деді. Мен танымаймын ондай адамды дедім. Онда сіздің шотыңыздан сол кісі 56 мың теңге жаңағы транзакция жасайын деп жатыр деді. Сіздің шотыңызды біз бұғаттаймыз, ол үшін сіз 12 сандық номерді сізге айтамыз соған ақшаларыңызды саласыз деді.

Үрейленген Шынар 100 мың теңге аударып жіберген соң ғана алданғанын білген. Полицейлердің сөзінше, мұндай қылмысты зерттеу қиын. Өйткені, алаяқтардың дені ұйымдасқан. Әрі әлемнің әр түкпірінде отырып жұмыс істейді. Ал, сарапшылар адамдардың жеке деректерін әлеуметтік желіден табу оп-оңай,-дейді.

Жандос Боранбай, кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының жетекші маманы:
Статистикаға жүгінетін болсақ жаңағыдай интернет алаяқтар Ресей Федерациясында жұмыс істеген. Қазір солардың бәрі біздің осы Азия жаққа көзін салды. Көптеген мысалыға сервистер бар. Олар шлюз деп аталады. Сол шлюздар арқылы олар сіздің картаңыздағы мәліметтерді енгізіп, сіз енгізген сияқты жағдай жасап, сол арқылы сервис арқылы  ақшаңызды шешіп алады.

Алаяқтар түрлі әдісті меңгерген. Сауатты сөйлеп, адамды шатастырады. Сондықтан, елдегі банктер жақында үндеу жариялады. Алаяқтық схемаларын зерттеп, мына шараларды сақтауды ескертті:  Белгісіз номер қоңырау шалса құпиясөзді, картаның нөмірін, CVV/CVC-кодтары мен операцияны растау SMS-ін ешкімге айтпау. Олар ұсынған мобильді қосымшаны орнатпау. Сілтемелерге кірмеу және жеке мәлімет сұрайтын сауалнамаларды толтырмау керек.

Ләззат Үсенбекова, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі директоры:
Жеке тұлға өзі мысалыға интернеттен сатып алғысы келсе, сол сайтқа мұқият қарау керек. Біріншіден фишинг деген болады. Жалған сайт жасайды.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметінше, елімізде 48 миллионнан астам төлем картасы бар. Бұл онлайн сауда артқанының көрінісі. Бірақ, тұрғындар сақ болмаса, алаяқтардың оңай олжаға батқаны батқан. Мәселен, қаңтар айында «Алаяқтық» бойынша келтірілген шығын 1,8 млрд теңгеден асқан.

Амангелді Сейітхан

Related posts

Halyk Bank Қазақстанда алғашқы болып Samsung Pay қызметін қосты

ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫ: «ҚАРЖЫМЫЗДЫ ҚАЛАЙ КӨБЕЙТЕМІЗ?»

ttjk

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ӘРКІМ ӨЗІНЕН БАСТАУЫ ТИІС