«Хизб-ут-Тахрир» уағызын насихаттаушылар қолға түсті

Кентау қаласында «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобы қолға түсті.

Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, «шариғат» нормаларын енгізуге бағытталған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды.Топ мүшелері «Хизб-ут-Тахрир» шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған.

Топ жетекшісі осыған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды.

Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қазір терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Related posts

Алматы мен Алматы облысындағы есірткі ісіне байланысты он бір адам қамауға алынды

Олжас Бектенов: спорт нысандары қарапайым халыққа қолжетімді болуы керек

editor

Астанада 200-ге жуық жоба іске асырылуда

Назия Жоямергенқызы