“Halyk Life” рейтінгі — жоғары

Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі«Халық-Life» АҚ-на «ВВВ–» және «kzAAA» жоғары рейтингтерін берді

2022 жылғы 16 тамызда Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ-на қаржылық тұрақтылықтың ұзақ мерзімді рейтингін «ВВВ–» деңгейінде және қазақстандық ұлттық меже бойынша «kzAAA» рейтингісін берді. Рейтингтің өзгеру болжамы – «Тұрақты».

Агенттік сарапшылары қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында «Халық-Life» АҚ-ның жетекшілік ұстанымдары мен пайданың жақсы көрсеткіштерін, сондай-ақ «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Халық Банк) («BB+»/Тұрақты/B)стратегиялық маңызды еншілес компаниясы болып табылатынын атап өтті.

«Біздің Компаниямыз халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген қаржылық тұрақтылық рейтингісіне ие. Дегенмен,S&P Global Ratings агенттігі тарапынан жоғары рейтингтің берілуі Компанияның Қазақстан нарығындағы сенімді ұстанымдарын тағы да дәлелдейді. Біз үшін бұл өте маңызды оқиға, өйткені алынған рейтинг елдегі өмірді сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары болып табылады және бүгінгі күні Компаниямыздың саланың көшбасшы екенінрастайды. Агенттік хабарламасында атап өтілгендей, «Халық-Life» АҚ-ның кредит төлеу қабілеттілігінің сипаттамаларынаоның тәжірибелі басқару командасы, тәуекел-менеджменттің қалыптасқан тәжірибесі және қаржылық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретін өтімділіктің елеулі қорлары оң әсер етті. Біз өз клиенттеріміздің алдындағы міндеттемелерді тиімді орындау үшін Компанияның әлеуетін одан әрі дамытуға ниеттіміз», — деп түсіндірді Басқарма төрағасының орынбасары А.З.Джексембаев.

Агенттік сарапшылары сондай-ақ, «Халық-Life» АҚ-ның нарықтағы мықты ұстанымдары мен мол тәжірибесін, сондай-ақ Компанияның айтарлықтай дамыған дистрибуция желісі мен Қазақстандағы ірі қаржы тобымен қауымдастырылған жақсы танымал бренді бар екенін атап өтті. «Халык-Life» АҚ өмірді сақтандыру бойынша қызметтерді ұсынатын ірі Компания болып табылады, сонымен қатар қол қойылған сақтандыру сыйлықақысы-брутто көлемі бойынша нарықтағыүлесі 33%-ды, ал активтер көлемі бойынша 30% құрайды.

Компания 2018-2021 жылдары бизнестің айтарлықтай өсімін көрсетті. Агенттіктің болжамдары бойынша 2022 жылы«Халық-Life» АҚ-ның бизнес көлемі күрделімакроэкономикалық жағдайды және банктік сақтандырудыреттеудің өзгеруін (қарыз алушылар үшін сақтандырукомпаниясын бірнеше нұсқадан таңдау мүмкіндігін қосаалғанда) ескере отырып, шамамен сол деңгейде сақталатынболады. Алайда, 2023-2024 жылдары бұл өсім нарық бойыншаорташа мәндерге сәйкес 10-15% шегінде болады күтілуде.

Related posts

Көлік жүргізу куәлігінен айырылғандар көп

editor

Богатая сырная культура Турции очаровывает посетителей

Назия Жоямергенқызы

Эрджиес: Анадолының шыңындағы шаңғы орталығы

ttjk