HALYK BANK: СМАРТФОНДАРҒА POS- ТЕРМИНАЛ

Halyk Bank коммерсанттарға смартфондағы POS-терминалды ұсынады.

Басты артықшылықтары ыңғайлы және тиімді.

2020 жылғы 7 қыркүйек, Алматы – Halyk Bankкоммерсанттар, шағын және микро- бизнес үшін смартфондарда контактісіз төлемдерді қабылдау үшін қолайлы шешім Halyk Posқосымшасын (SoftPos технологиясында) ұсынады.

Жанасусыз төлемдер технологиясына негізделген Halyk Posқосымшасы NFC-модулі* бар Android базасындағы смартфонды қосалқы жабдықсыз POS-терминалға айналдыруға мүмкіндік береді. Ол шағын сауда-сервистік кәсіпорындар үшін арналған және оларға контактісіз төлемдерді смартфонның көмегімен қабылдауға мүмкін береді. Шешім сауда-сервистік желіде электрондық төлемдерді қабылдау мүмкіндіктерін айтарлықтай ұлғайтып, сауда нүктесінің клиенттер базасын көбейтуге және эквайринг қызметтеріне қосылу құнын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Halyk Bank Транзакциялық бизнесі департаментінің директоры Гүлсім Душатова: «Halyk Pos қосымшасы қолма-қол төлемдер бойынша, мысалы, инкассацияға шығындарды қысқартуға және қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді қабылдауға мүдделі микро және шағын бизнеске арналған. Жаңа шешім контактісіз төлемдер қабылдау желісін кеңейту, клиенттер базасын ұлғайту және эквайринг қызметтеріне қосылуға шығындарды төмендету арқылы кәсіпкерлердің бизнес-процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бөлшек бизнестің клиенттері де, өз кезегінде, контактісіз технологиялардың көмегімен жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз төлем жүргізу мүмкіндігіне ие болады».

Жанасусыз төлем технологиясы арқылы төлемдер қабылдауға қосылу үшін кәсіпкер Halyk Pos қосымшасын жүктеп, Halyk Bank-пен эквайринг шартын бекітуі керек. POS-терминалды толығымен алмастыра алатын Halyk Pos қосымшасын орнатып, сіз контакісізPOS-терминалдың барлық функцияларына қосымша құрылғыларсыз қол жеткізе аласыз.

Негізгі артықшылықтары

POS-терминалдың орнына смартфон, қосымша жабдық сатып алудың қажеті жоқ
Контактісіз төлемдер қабылдау 24/7
Кез келген банк картасымен төлеу және смартфон арқылы төлеу
Операциялар туралы нақтыланған есептілік
Төлемдер қабылдау бойынша заңнаманы сақтау
Барлық банктердің клиенттерін қосу

Функциялары

Кез келген банктердің карталары бойында (Visa, Mastercardжәне Union Pay) төлемдер қабылдау
Homebank Pay, Apple Pay, Samsung Pay және Garmin Payарқылы смартфонмен төлемдер қабылдау
Төлемдерді болдырмау және кері қайтару
Электрондық чектерді жөнелту
Операциялар бойынша тізімді және ерекшеліктерін қарау

АКЦИЯ!

Төлемдерді комиссиясыз қабылдаңыз

Halyk Pos-ты іске қосу қарсаңында біз арнайы тиімді акция дайындадық*.

2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін Halyk Pos қызметін қосып, 2020 жылғы 30 қарашаға дейін карталар бойынша төлемдерді комиссиясыз қабылдаңыз.

Акция талаптары: 

2020 жылғы 30 қарашаға дейін Halyk Pos арқылы жасалған барлық төлемдерген 0% комиссия.
Акция жүргізілетін кезеңде жеңілдікті тариф лимиті – 1 000 000 теңге
Акция шеңберіндегі тегін операциялар лимиті асырылған жағдайда, Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссия алынады
Акция жүргізілетін мерзім: 2020 жылғы 01 қыркүйектен 30 қазанға дейін
Жеңілдікті тарифтің қолданыс кезеңі: 2020 жылғы 01 қыркүйектен 30 қарашаға дейін.

*Акция ұйымдастырушы біржақты тәртіпте акцияның талаптарын өзгертуге немесе уақытша тоқтатуға құқылы

Өз кезегінде, тұтынушылар – бөлшек бизнес клиенттері – қосымша мүмкіндіктерге ие болып, контактісіз карталар, смартфондар, тағып жүретін NFC-құрылғылар — Smart-сағат, сақина мен браслеттер арқылы қауіпсіз, жылдам және ыңғайлы төлем жүргізе алады.

Related posts

Вызовы и перспективы государственной службы были обсуждены 200 практиками, учеными и экспертами из 20 стран мира

ttjk

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН МАРАПАТТАР

ttjk

Turkey has launched “Healthy Tourism Certification” Program

ttjk