«ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ» ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Халық банктің тарихындағы жаңа кезең бастау алды.Еліміздегі ең алпауыт қос банк толыққанды біріккеннен кейін Халық банк JanaHalyk атты жаңғыру бағдарламасын іске қосты. Енді Халық банк үздіксіз жақсарту тұжырымдамасын қолдана бастады. Бұл бастаудың негізгі басымдықтары клиенттерге жайлы жағдай жасау және сервис технологияларын жетілдіру болып саналады. Халық банк осы уақытқа дейін айтылған әрбір сынға құлақ асып және салаларды түгел жақсарта түсуге дайын екенін, онымен қоса клиенттер үшін жағымды жаңалықтар мен банк енгізген өзгерістер туралы  әр апта сайын жариялап отыратынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Халық банк бизнес үдерістерді тиімдендіру бойынша сарапшылардың берген нұсқауларын іске асыруға әзір. Бұл тарапта ішкі жұмыс тәсілдерін өзгертумен тоқтамай, қазақстандықтар үшін пайдалы тың бастамаларды іске қосатын болады.  Бағдарламалық жасақтаманы зерделеуге бағытталған серіктестік, сәнді брендтермен коллаборациялар, қазақстандық өнерді қолдау, хакатондар, IT және өзге де тиімділікті артыру бойынша түрлі конференциялар ұйымдастырылатыны жайлы атап айтты.

Related posts

ЦЕРЕМОНИЯ ЧЕСТВОВАНИЯ ЛУЧШИХ ОФИЦЕРОВ

Назия Жоямергенқызы

МЕМЛЕКЕТ ӘР БАЛАҒА 70 000 ТЕҢГЕ БЕРЕ МЕ?

ttjk

ОҚУШЫЛАРДЫҢ «BILGEN-DARA BOL» БАЙҚАУЫ

ttjk