«Ертіс орманында» ағаш кесуге тыйым салынды

2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін «Ертіс орманы» резерватының аумағында ағаш кесуге болмайды.

Павлодар облысының прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, кезіндегі мораторий алынған соң, «Ертіс орманындағы» 1100 текше метрден астам ағаш заңсыз кесілген.

«Осыған байланысты орманды сақтау мақсатында Павлодар облысы прокуратурасының бастамасымен 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен бүкіл резерват аумағында ағаш кесуге тыйым салынды»,  деп хабарлайды облыс прокуратурасы.

Related posts

Елімізге келетін саяхатшылар үшін Neo Nomad визасы енгізіледі

editor

ТҮРКИЯ ҮШІН ТУРИЗМНІҢ ОРНЫ БӨЛЕК

ttjk

Сапаровтың солтүстіктегі бизнесі жайлы не белгілі?

editor