Марат Қожаев Сенат депутаты болып тағайындалды

Ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Марат Қожаев енді Парламент Сенатының депутаты болады.Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», — делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Президент бүгін Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттілігін тоқтатты.

Related posts

Фристайлдан FIS Әлем Кубогының финалдық кезеңдері

ttjk

Черногория Үкіметі қаралы күн жариялады

editor

Орманшылар жалақысын көтеру үшін бюджетте шамамен 8,5 млрд теңге қарастырылған

Назия Жоямергенқызы