Мазмұнға өту

“ЕРКІН СӨЗ”-2026: “ҮЗДІК АҚПАРАТТЫҚ СЮЖЕТ”

Түркітілдес журналистер қорының Halyk Bank серіктестігінде Қазақ журналистер арасында қаржы және қаржылық сауат тақырыбына өткізген “Еркін сөз”-2026 шығармашылық байқауында «24KZ» телеарнасының тілшісі Еркебұлан Смадияров «Үздік ақпараттық телесюжет» аталымында бас жүлдені жеңіп алды.

Түркітілдес журналистер қоры Halyk Bank-пен серіктестікте ұйымдастыратын, биыл он жылдығын атап өткен байқауда журналист қаржылық сауаттылыққа арналған еңбегімен топ жарды.

Еркебұлан өз сюжетінде бөліп төлеу шарттары, банктер ашық айта бермейтін пайыздық үстемелер және олардың халықтың қалтасына түсіретін салмағы мәселелерін көтерді.

Бұл тақырып неліктен маңызды? Ай сайынғы төлемнің қолжетімді көрінуі сатып алудың жалпы құнын толық түсінуге жеткіліксіз. Қосымша шығындарды біліп, төлем міндеттемесін отбасы бюджетімен салыстыру — саналы қаржылық шешімнің негізі. Осындайды түсіндіретін журналистік материал көрерменге артық қарыздан сақтануға көмектеседі.

Еркебұланды лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Халыққа пайдалы, қоғамға ой салатын сюжеттеріңіз көбейе берсін!
Еркебұлан Смадияровтың ақпараттық сюжетін мына сілтеме арқылы көре аласыздар:


Deprecated: Файл Тақырыпсыз comments.php с версии 3.0.0 считается устаревшим. Альтернативы не предусмотрено. Өтініш, аcomments.php тақырыбыңыздағы үлгі. in /var/www/vhosts/ttjk.info/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6085

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.