«ЕРКІН СӨЗ»-2020 ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркітілдес журналистер қорының HALYK BANK серіктестігімен, отандық БАҚ өкілдері арасында қаржы және банк саласы бойынша ұйымдастырған «Еркін сөз»-2020 шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.

«Үздік мақала», «Сайттағы үздік мақала», «Үздік телесюжет» аталымдары бойынша өткізілген байқаудың Бас жүлдесі  – 500 000 теңге. Сонымен қатар үш аталым бойынша 100 000 теңге ынталандыру сыйлығы, 50 000 теңгелік ынталандыру сыйлығы тағайындалды.

Қазылар алқасының құрамында UIB Бизнес мектебінің директоры, қаржыгер Мақсат Халық, «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Анар Төлеуханқызы, БАҚ және телерадио хабарларын тарату саласы қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек, Жезқазған аймақтық «Дидар» телеарнасының Бас  продюсері Мақпал Орынбетова, елімізге танымал тәжірибелі журналистер Есей Жеңісұлы, Жұлдыз Әбділда, Анар Тұрмағамбетова, Halyk Bank баспасөз қызметкері Досбол Арыстанбеков болды.

«Еркін сөз»-2020 шығармашылық байқауының жеңімпаздары:

«ҮЗДІК МАҚАЛА» аталымы бойынша:

Бас жүлде – Жанаргүл Қадырова, “Отарқа” газетінің Бас редакторы, Екібастұз қаласы (500 000 теңге);

Ынталандыру сыйлығы – Асылбек Нәсіпқалиұлы, БҚО Қазталов ауданы «Жайық пресс» ЖШС Қазталов аудандық филиалы «Ауыл айнасы» аудандық газетінің тілшісі (100 000 теңге);

Ынталандыру сыйлығы – Мұрат Аяғанов Павлодар Облысы Павлодар қаласы «Сарыарқа самалы» газеті Бас редакторының орынбасары (50 000 теңге).

«САЙТТАҒЫ ҮЗДІК МАҚАЛА» аталымы бойынша:

Бас жүлде – Еңлік Қабдеш, Алматы облысы Талдықорған қаласы Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі (500 000 теңге);

Ынталандыру сыйлығы – Мейіржан Әуелханұлы, Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбұлақ ауылы www.KzNews сайтының редакторы (100 000 теңге);

Ынталандыру сыйлығы – Әмірболат Құсайынұлы, Алматы облысы Іле ауданы, “Azattyq Ryhy” ақпараттық сайтының тілшісі (50 000 теңге);

«ҮЗДІК ТЕЛЕСЮЖЕТ» аталымы бойынша:

Бас жүлде – Асима Нұрбайқызы, Нұр-Сұлтан қаласы, QAZAQSTAN РТРК тілшісі (500 000 теңге);

Ынталандыру сыйлығы – Раушан Сайлауқызы, Нұр-Сұлтан қаласы, QAZAQSTAN РТРК тілшісі, (100 000 теңге);

Ынталандыру сыйлығы – Арнат Орынбасарұлы, Алматы қаласы «Атамекен бизнес» телеарнасының тілшісі (50 000 теңге).

«Еркін сөз»-2020 шығармашылық байқауы жеңімпаздарының жүлде алған материалдары Түркітілдес журналистер қорының ресми сайтында жарияланады.

Түркітілдес журналистер қоры.

Related posts

Криптонарықтан ақша табу: Қалай сатып аламын, қолма қол ақшаға қалай айналдырамын

ttjk

Passport Requirement to Fly Round Trip to the Bahamas

ttjk

«Week of International Journalism» at Al-Farabi KazNU

ttjk