Ербол Хамитов Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Пара биатлоннан өткен  Әлем кубогында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов 12,5 км қашықтықты 38 минут 21  секундта бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Осы дистанцияда бірінші орынды украиндық спортшы Тарас Рад (37:08), ал  екінші  орынды  АҚШ спортшысы Пайк Аарон (38:16) алды.

Айта кетейік, пара биатлонан әлем кубогы Польшадағы Якушице қаласында 22-25 қаңтар аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан, Канада, Ұлыбритания, Бразилия, Испания, АҚШ, Украина және Италия елдерінің үздік спортшылары қатысты.

Аталмыш бәсеке 6-15 наурыз аралығында өтетін XIV қысқы  Паралимпиаданың рейтингтік жарыстарының бірі.

Бұдан кейін, ұлттық құрама 28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Якушицеде  пара шаңғы жарысынан өтетін Әлем кубогында бақ сынайды.

Related posts

Улудаг: горнолыжная зона Бурсы

ttjk

Түркиядағы бір миллионнан астам қонақүй төсегі әлемдік стандарттар бойынша сертификацияланды

Назия Жоямергенқызы

Сайлау: Үміткерлерді тіркеуге 20 күн беріледі

ttjk