Елордада ҰҚШҰ елдері басшыларының саммиті өтеді

Бүгін Астанада ҰҚШҰ елдері басшыларының саммиті өтеді. Қазақстан Президентінің төрағалығымен өтетін іс-шараға Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қатысады.
Кеше Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасының президенттері Астанаға ұшып келді. Президенттер Еуразиядағы тең және бөлінбейтін қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қалыптастыру міндетін талқылап, 14 құжатқа, соның ішінде қорытынды декларация мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен мәлімдемеге қол қояды.
Бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов сұхбатында тәжік-ауған шекарасына қатысты өте маңызды құжат қабылданады деп жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Related posts

Қазақстандағы алғашқы қашықтан жанармай құю сервисі

ttjk

Сот шешімін орындамаған шетел азаматы ұсталды

editor

Алматыда соңғы 10 жылда экономиканың рекордтық өсуі байқалды

ttjk