Ұлттық қор 3,9 миллиард долларынан айырылды

Екінші деңгейлі банктерді қолдау Ұлттық қорға миллиардтаған шығын әкелген.
Қазақстанның Ұлттық қоры мемлекеттік көмек аясында төмен сыйақы мөлшерлемесімен банк облигацияларын сатып алу салдарынан шамамен 2 триллион теңге (3,9 миллиард доллар) жоғалтты.
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, банктерге 2000 жылдардың ортасынан бастап олардың облигацияларын сатып алу арқылы көмек көрсетілді. Олар 1%-дан 3%-ға дейін өте төмен мөлшерлемемен шығарылды. Оның жалпы номиналды құны 3 триллион теңгеден асады, ал әділ нарықтық құны – 1,1 трлн теңге. Айырмашылық олардың нарықтық емес шарттарда шығарылуына байланысты болып отыр.
Сондай-ақ ол Ұлттық банк 2022 жылы Қазақстанда Ұлттық қорды басқару ережесіне өзгеріс енгізілгенін еске салды. Енді оның қаражатын орташа мерзімді инфляция (10-12%) деңгейін көрсеткен құралдарға ғана салуға болады.

Related posts

Үкімет бірыңғай уақыт белдеуі туралы мәлімдеме жасады

editor

PREPARATIONS FOR THE 11TH LED& LED LIGHTING EXHIBITION CONTINUE AT FULL SPEED!

ttjk

Президент тапсырмасын орындамағандар жұмыстан шығарылады

editor