ЕЛГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысының әкімі апат салдарынан зардап шеккен аудандарда болып, елдің ахуалымен танысты.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Төлеби ауданына келіп, нөсерлі жауыннан зардап шеккен нысандарды аралап, оларды ретке келтіру жұмыстарын қадағалады. Қазір Төлеби ауданында төтенше жағдай жарияланып, арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Аймаққа сел қаупі төнген бойда облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтың төрағалығымен төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрылған еді. Су басқан елді мекендерде тиісті жұмыстарды атқару үшін жүзеге асырылуы тиіс жұмыстар 4 секторға бөлінген болатын. Әр секторға Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Сайрам аудандарының әкімдері жауапты тұлға ретінде бекітілді.
Сондай-ақ, Жоғары Қасқасу елді мекеніндегі «Қасқасу» өзені бойында орналасқан 4 көпірді нөсер жауынның салдарынан су шайып кеткен болатын. Көпірлерді қалпына келтіру мақсатында,қазіргі кезде құны 82,8 млн.тг болатын 4 көпірдің сметалық құжаттары бар жоба әзірленген.

Тұрмахан Нұрсұлтан

Related posts

2023 жылы қоныс аудару жобасына 200-ден астам отбасы қатысты

ttjk

Стамбул станет центром круизного туризма в 2023 году

ttjk

Жол картасы: Алматы облысында 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

ttjk