Еңбекке қабілетті адамдар саны азайып барады

Солтүстік Қазақстан облысында жылына халық саны орта есеппен 5 мың адамға  азайып барады. Болжамға сәйкес 2050 жылға қарай өңірде еңбекке қабілетті адамдар саны 33 пайызға азаюы мүмкін. 

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтің қатысуымен Петропавл қаласында өткен жиында теріскейдегі демографиялық мәселелер  сөз болды. Өңірде туу көрсеткіші төмен, ал өлім-жітім статистикасы жоғары болып отыр. «Халқы тығыз қоныстанған оңтүстік облыстардан жұмыс күші тапшы теріскейге мемлекеттік көш бағдарламасы күткен нәтиже бермей отыр», деді Сенат спикері.

Оның айтуынша, СҚО —  ауыл шаруашылығы, экспорт және өндіріс саласында ерекше орын алады. Осы бағыттарды әрі қарай қарқынды дамыту үшін қосымша еңбек ресурстарына сұраныс болары анық. Сондықтан өңірдің одан әрі дәйекті дамуы үшін бұл мәселеге де үлкен мән беру қажет.

Сонымен қатар, Сенат төрағасы еңбек ұжымдары, мәслихат депутаттары, ҚХА мүшелері, қоғамдық және діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Ел Перзиеденті аймақтардың өркендеуіне серпін беретін өндіріс орындарын дамыту жөнінде тапсырма жүктеді.

 

Related posts

СЫР ЕЛІНДЕ — «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

ttjk

Кайманға құйылған қаржы немесе Қазақстан қай елдерге инвестиция салып жатыр?

ttjk

Қарағанды облысында халыққа ТЖ кезінде көмектесетін еріктілерден құралған 25 мобильді топ құрылды

ttjk