Диқандардың астығы далада қалуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында диқандар жинап алған астықтарын элеваторларға өткізе алмай жатыр. Соның салдарынан мол өнім қар мен жаңбырға тиіп, шіри бастапты.

СҚО Айыртау ауданы Светлое елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер әлеуметтік желіде жазба жариялап, Президенттен көмек сұраған. Диқанның айтуынша, ашық аспан астында биылғы астық үйіліп жатыр.

«Ана жерде бидай жатыр, әрі қарай арпа үйілген. Осылайша жиналған астықты қырманда сақтауға тура келіп жатыр. Мұның бәрі бүлініп, шіріп жатыр. Өйткені жақын маңдағы элеваторлардың барлығы толық, бидайды қабылдамай жатыр. Олар артатын вагондар жоқ дейді. Былтырғы жыл да қиын болды. Жинап алған астықты былтыр да дұрыс іске жарата алмадық. Биыл оқиға қайталанып жатыр. Сіз неге бұл жүйелі түрде қайталанатынын анықтап, тәртіпке салсаңыз екен. Бұл жүйелі түрде жылдан жылға қайталанатын мәселе, шешілмей жатыр. Күзгі орақ басталғанда біздегі бар вагондар жоқ болып кетеді. Элеваторлар бірден толып қалады. Жақсы өнім алған жылы үнемі осылай. Мәселені шешуіңізді сұраймын»,  деп мұңын шаққан кәсіпкер.

Бұл аз болғандай, кредиторлар да жан-жақтан қарызды қайтаруды сұрап жатқан көрінеді. «Камаз көлігінің жүргізушілері бидайды жақын маңдағы элеваторға жеткізу үшін әр келісіне 5 теңге сұрайды. Делдалдар бидайды элеваторға кіргізу үшін әр келіге 10 теңге алады. Бидайдың өз бағасы — 40 теңге. Соның жартысын элеваторға кіргізу үшін беру өте қымбат. Сондықтан шара қолданып, жағдайды реттеуді сұраймын», деген ауыл тұрғыны.

Related posts

АСТАНАДА QAZAQFORUM БАСТАЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Назия Жоямергенқызы

Глава МВД Турции: Террористическая атака направлена ​​на объекты турецкой аэрокосмической компании TUSAŞ

editor