«Дәрігер өзі министр болып шықты»: Ақмарал Әлназарова әуерейсте хал-жайы нашарлаған жолаушыға алғашқы көмек көрсетті

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астана–Алматы бағытындағы әуе рейсінде өзін кенеттен жайсыз сезінген қызға медициналық көмек көрсеткен.

Threads платформасының қолданушысы таратқан мәліметке сәйкес, таңғы уақытта орын алған оқиға кезінде жолаушылардың бірі ұшақ жерге шығуға дайындалып жатқанда денсаулығы күрт нашарлап қалған.

Автордың айтуынша, күтпеген дауыстардан оянып кеткен ол стюардессаларды шақырған жандарды естіген.

«Стюардессаны дауыстап шақырған адамдар қыздың жағдайы күрт нашарлағанын айтып, дәрігер қажет екенін жеткізді. Бір әйел жолаушының қасына келіп, тез арада алғашқы көмек көрсете бастады, қан қысымын өлшеді. Қан қысымы жоғары екені анықталды», – делінген жарияланымда.

Борт қызметкерлері қажетті заттарды әкеліп, көмектесіп жатқанда, олар медициналық көмек көрсетіп жатқан әйелден мамандығын сұрапты.

«Қан қысымын тексеріп, қызды тыныштандыруға тырысқан әйел өзін жай ғана дәрігермін деп таныстырды. Ол жолаушыға дәрісін беріп, су мен шай ұсынып, жағдайының ұшуға жарамдылығын сұрап отырды. Қыз сапарын жалғастыра алатынын айтты. Ал кейіннен көмектескен адамның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова екені белгілі болды», – деп жазды желі қолданушысы.

Фото: Видеодан кадр

Related posts

Centuries of viticulture

ttjk

Visiting İstanbul’s Museums in Autumn is a Transformative Experience…

Назия Жоямергенқызы

Әл-Фараби универитетінде халықаралық III Қысқы PR мектебі өтті

ttjk